Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлыауылы, аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имамы Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты жамағат арасында Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан жарыс өтті.
Сайысқа 15 адам қатысып, ауданың бас имамы және тарауих намазында хатым түсірген 2 қари жарыста төрелік өтті. Тартысты доданың қорытындысы бойынша жамағат арасында өткен Құранның 30 – шы парасынан сайыста жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



20 Март 2026
1 Шавваль 1447

