Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Қызықты әрі тартысты өткен шарада қатысушыларға фиқһ, ақида, Құран ілімі, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен мазмұнды сұрақтар қойылды. Жылдам әрі нақты жауап берген жамағат мүшелері ерекше белсенділік танытып, білімдерімен көзге түсті.
Танымдық ойынды мешіт ұстаздары Әбдіқадір Сейтқали мен Дәулет Жанарбекұлы жүргізіп, қатысушыларға бағыт-бағдар беріп отырды.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен жамағатқа алғыс хаттар табысталып, «Рамазан бокс» және өзге де бағалы сыйлықтар ұсынылды.
Бұл игі бастама жамағаттың діни білімін арттырып қана қоймай, қасиетті түннің рухани мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Осындай тағылымды кештер – ұрпақ санасына ізгілік дәнін сеуіп, ұлттық құндылықтар мен әжелер мектебінің өнегесін жаңғырта түсетіні сөзсіз.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

