ҰЛЫҚ ТҮНДЕ УАҒЫЗ БЕН ҒИБРАТ ҰШТАСТЫ

ҰЛЫҚ ТҮНДЕ УАҒЫЗ БЕН ҒИБРАТ ҰШТАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Қадір түнін мешітте қарсы алуға келген жамағат бір сапта тұрып, құптан және тарауық намаздарын оқып, тасбихтарын айтып, ұлық кештің сауабынан құр қалмауға тырысты.

«Һибатулла Тарази» мешітінде жиналған көпшілікке наиб имамдар Нұралы Бақытұлы мен Бахтияр Әміреев рухани мазмұны терең насихат айтып, жамағатты толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді. Уағыз барысында мұсылманның бұл түндегі амалдары, шынайы ықылас пен дұғаның маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жамағатқа еркін құлшылық жасауға арнайы уақыт қарастырылып, тасбих, таһажүд намаздарының орындалу тәртібі жан-жақты баяндалды. Бұл – әрбір мұсылманға өз жүрегімен оңаша қалып, Жаратқанға жақындауға берілген ерекше мүмкіндік болды.

Берекелі түнде жамағат елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, бірлігі мен берекесі үшін дұға жасап, Алладан кешірім тіледі. Рухани кеш әрбір қатысушының жүрегіне иман нұрын сыйлап, ерекше әсер қалдырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: