Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы “Ақниет” шипажайында ем қабылдап жатқан қарияларды зиярат етіп қайтты.
Зиярат барысында қариялардың хал-жағдайын сұрап, денсаулықтары үшін дұға жасап, жылы лебізін білдірді. Қариялар да көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын айтып, ақ баталарын берді. Мұндай кездесулер үлкендерді құрметтеу мен қоғамдағы өзара жанашырлықты арттыруға себеп болады.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз


19 Март 2026
30 Рамадан 1447

