Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің ұжымы мен қайырымды жандардың атсалысуымен қасиетті айдың құрметіне “Рамазан қоржыны” табысталды.
Игі шара барысында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, азық-түлік пен қажетті заттар таратылды. Бұл іс-шара жамағат арасындағы бірлік пен қамқорлықты нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыруға ниет білдіріп отыр.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

