Білім сайысында белсенділік танытқан шәкірттерге “Рамазан сыйлығы” табысталды. Қасиетті Рамазан айында Қарасу ауылдық мешітінде ұйымдастырылған білім сайысында ерекше белсенділік көрсеткен шәкірттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Игі шара барысында шәкірттердің діни білімге деген ынтасы мен талпынысы жоғары бағаланып, оларға “Рамазан сыйлығы” табысталды. Бұл игі іс жас буынды білімге ынталандырып, рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


19 Март 2026
30 Рамадан 1447

