Талас: Діни ағымдардан сақтанып, асыл дініміз бен дәстүрімізге берік болу - басты міндет!

Талас: Діни ағымдардан сақтанып, асыл дініміз бен дәстүрімізге берік болу - басты міндет!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қызыләуіт ауылы. Жаңабай сопы мешітінің имамы Төсбаев Әбдіқали мешіт жамағатына арнап діни ағымдар тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам қазіргі таңда қоғам үшін өзекті болып отырған жат діни ағымдардан сақтану қажеттігін айтып, асыл дініміз – ислам мен қазақ халқының салт-дәстүрінің сабақтастығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі ислам жолын берік ұстануға шақырды.

"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: