Аққұм ауылындағы "Тұңғатар ата" мешітінде жамағатқа рухани тағылымы мол уағыз айтылды.
Мешіт имамы Абатов Дәурен жамағатқа «Отбасы және Рамазан» тақырыбында кең көлемде насихат жүргізді. Уағыз барысында имам қасиетті Рамазан айында отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты арттыру, сондай-ақ шаңырақтағы береке мен бірліктің маңызы туралы айтты.
Сонымен қатар, Рамазан айының отбасы тәрбиесіне тигізер рухани пайдасы кеңінен түсіндірілді. Жамағат айтылған насихатты ықыласпен тыңдап, қасиетті айда отбасымен бірге ізгі амалдарды көбейтуге ниет білдірді.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

