Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде қасиетті Рамазан айына орай мешіт аумағы жаңартылып, мерекелік баннер ілінді. Мешіт имамы Дәурен Абатовтың бастамасымен мешіт алдында тұрған ескі Рамазан баннері алынып, оның орнына жаңадан үлкен әрі көрнекті Рамазан баннері орнатылды.
Бұл игі бастама мешіттің көркін арттырып, ауыл тұрғындарына қасиетті айдың келгенін айшықтай түсуде. Жамағат та жаңартылған безендіруге ризашылықтарын білдіріп, Рамазан айының берекелі өтуіне тілектестік танытты.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

