Қасиетті Рамазан айында Ақкөл ауылында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ақкөл мешітінің имамы Сейткамаладдин Амировтың ұйымдастыруымен және ауылдан шыққан кәсіпкер Әлімбек Әбдібекұлының демеушілігімен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.
Игі шара барысында ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік себеттері таратылып, оларға Рамазан айының берекесі мен қуанышы сыйланды. Сейткамаладдин имам мұндай қайырымдылық шаралары қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

