Сәду Шакиров ауылының имамы Оспанов Бақдәулет мешітте қасиетті Рамазан айына орай ерекше рухани іс-шара өткізді. Мешітіміздің іші әсем безендіріліп, жамағатқа мерекелік көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында имам «Рамазан – нұр шашқан ай» тақырыбында уағыз айтып, жамағатқа қасиетті айдың маңызы, оразаның сауабы және ізгі амалдардың артықшылығы туралы кеңінен түсіндірді. Уағыз кезінде мұсылмандарды сабырлы болуға, бір-біріне қамқорлық жасауға және қайырымдылық істерді көбейтуге шақырды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

