Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы «Қазақ» ауылдық мешітінің имамы Елдос Райбайтың бастамасымен Қазақ ауылынан Құлан ауылына аптасына екі күн таксилер тегін жүретін болды.
Бұл бастама Қасиетті Рамазан айының құрметіне қолға алынып, демеушілер тарапынан қолдау тапты. Игі іске куә болған ауыл тұрғындары алғыс айтып, ризалықтарын сөзбен айтып жеткізе алмауда. Бұл да бір оразаның қасиетін халық сезінсе, мейірім айының мейірімін байқаса деген ауыл имамының тілегі еді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

