Қордай: «Рамазан — береке мен сауап айы» атты рухани кеші өтті

Қордай: «Рамазан — береке мен сауап айы» атты рухани кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – сауап жасауға мол мүмкіндік беретін, рухани тұрғыдан өзін-өзі жаңартып, жүректі тазартатын ай. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) былай деген: «Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі.

Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді». Әйел-қыздар секторы 10жылдық мерей тойына орай аудан мешітінің шәкірттері мен қонақтарының қатысуымен кең көлемде ауызашар дастарханы жайылды. Рухани кеш барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірінен қысқаша видеороликтер көрсетіліп, сол дәуірдің тағылымды сәттері еске алынды.

Қатысушылар әсерлі сәттерден ғибрат алып, жүректеріне рухани серпіліс алды. Кеш соңында жамағатпен бірге дұға-тілектер жасалып, ерекше басқосу жоғары деңгейде өтті. Алла Тағала жасаған игі амалдарымызды қабыл етіп, Рамазан айының берекесін нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: