Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өзінің бір хадисінде үмметін былай деп сүйіншілейді: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».
Қасиетті ай қарсаңында әйел-қыздар жамағатына аудан ұстаздары Эльмира Аманқожақызы, Айгүл Жолдасқызы, Малика Аханқызы, Альбина Бақтиярқызы мен Әдеміай Бахиқызы Рамазан айының артықшылығы, рухани пайдасы мен берекесі жайында кеңінен насихат айтты.
Кездесу барысында оразаның мән-маңызы, нәпсіні тәрбиелеудегі рөлі, құлшылықтың сауабы түсіндіріліп, жамағат көкейіндегі сауалдарға жауап берілді.Жиын әсерлі өтіп, қатысушылар қасиетті айды барынша пайдалы өткізуге ниет білдірді. Алла Тағала осы айда жасаған игі амалдарымыз бен шынайы дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Март 2026
15 Рамадан 1447

