Қордай: Аудан әжелер алқасы мүшелері аудан бас имамына құрмет көрсетті

Қордай: Аудан әжелер алқасы мүшелері аудан бас имамына құрмет көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазыналы қариялардың аузынан шыққан әрбір сөз – жақұттай қымбат. Өнегелі өсиет адамды кемелдікке жетелеп, сана көкжиегін кеңейтеді. Ақсақалдар айтуынша, бата беру – тек дастарқан басында ас қайырып, жылы лебіз білдіру ғана емес, ол – қазақ халқының көне дәстүрінен жалғасқан қасиетті рухани құндылықтарының бірі. Осы орайда ауданымыздың Әжелер алқасы мүшелері жаңадан тағайындалған аудан бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлына  құрметпен қарсы алды.

Ақжаулықты аналар шашу шашып, ізгі тілектерін арнап, шапан жауып, разылықтарын білдірді. Жиын барысында бас имамның бастаған қызметіне береке, отбасына амандық, ел-жұртымызға тыныштық пен бақ-береке тіленді. Ақ жаулықты аналардың ақ батасы мен шынайы дұға-тілектері көпшіліктің көңіліне ерекше жылулық сыйлады. Ақжаулықты аналарымыздың тілектері қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: