Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) бір хадисінде:«Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі», – деген. Сондай-ақ тағы бір хадисінде: «Рамазанның басы – рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деп сүйіншілеген.
Расында, Алла Тағала пендесін қанша күнәсі болса да кешіруге даяр болса, онда құлға жарасқаны – өзге құлдарды да кешіре білу емес пе?! Осы орайда әйел-қыздар жамағатымен Алла елшісінің өнегелі өміріне қатысты Quiz форматында танымдық, ғибратқа толы топтық ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды. Ең үздік топтарға алғыс айтылып, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Жиын рухани әсерге толы болып, жамағатқа ерекше серпін сыйлады. Алла Тағала баршамызға Өзінің сүйікті құлына лайықты үмбет болуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



20 Июнь 2026
4 Мухаррам 1448

