Қордай: Аудандық «Қордай» мешіті көлік тұрағын ретке келтіру ұйымдастырылды

Қордай: Аудандық «Қордай» мешіті көлік тұрағын ретке келтіру ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіттің ұлылығы мен маңыздылығы – жер бетінде алғаш тұрғызылған құлшылық үйінің мешіт болуымен айқындалады. Қасиетті Құранда: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) – бүкіл әлемге мүбәрак әрі тура жол», – деп баяндалған.

Бұл аяттағы Қағба – адамзат баласы үшін ең алғашқы әрі қасиетті құлшылық орны. Сондықтан мешіт – аса құрметті мекен, «Алланың үйі» деп аталады. Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудандық «Қордай» мешітінің көлік тұрақтарын ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шара жамағаттың құлшылыққа кедергісіз келіп-кетуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынды.

Мешіт әдебін сақтау – тек ғимарат ішіндегі тәртіппен шектелмей, оның айналасындағы тазалық пен реттілікке де тікелей байланысты. Ұйымдастырылған жұмыс – ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Баршамыздың ниетіміз бен амалымыз дұрыс болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: