Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық жасалатын, мұсылман жүрегінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. «Мешіт» сөзі араб тіліндегі «мәсжид» – сәжде жасайтын орын деген мағынаны білдіреді. Себебі мұсылман намазда маңдайын сәждеге қойып, Жаратушысына бас иеді.
Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудандық «Қордай» мешітінде дыбыс күшейткіштер мен микрофондардың жұмысын қадағалады. Тексеру барысында жабдықтардың сапасы, дыбыстың анықтығы және намаз барысында жамағатқа қолайлы естілуі назарға алынды.
Намаздың дұрыс әрі кедергісіз өтуіне себеп болатын техникалық құралдарды ретке келтіру – мешіт қызметкерлерінің ғана емес, ортақ жауапкершілік екені айтылды. Алла Тағала ниеттерімізді қабыл етіп, игі бастамаларымызға жәрдемін берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Март 2026
15 Рамадан 1447

