Сахаба Абдулла ибн Масғуд (Алла оларға разы болсын) былай деген: «Құран – Алла Тағаланың әдеп мектебі. Құранға мықтап жабысып, шамаларың келгенше Алланың көрсеткен әдеп жолын үйреніңдер. Ол – ашық бір нұр, дертке дауа.
Құран – амал еткен адамға берік қорған, жолын ұстағанды адастырмайтын құтқарушы». Осы орайда аудан көлемінде Құранға түскен шәкірттерге арналған «тәж кигізу» салтанатты шарасы өтті. Игі шараға ұстаздар, ата-аналар және жамағат қатысып, шәкірттердің Құран жолындағы алғашқы қадамдарына қуаныштарын білдірді. Салтанат барысында шәкірттерге арнайы тәж кигізіліп, ізгі тілектер айтылды. Жиын рухани әсерге толы болып, жас талапкерлерге үлкен жігер сыйлады.
Алла Тағала баршамызға салиқалы ұрпақ нәсіп етіп, Құран жолында биік дәрежелерге жетуді жазсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Март 2026
15 Рамадан 1447

