Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын):«Кімде-кім ораза ұстаған біреуге ауыз аштырса (ораза ұстаған кісінің сауабы кемітілмей), оның сауабын алады», – деген.Тағы бір хадисте: «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың жақсы болады», – деп өсиет еткен.
Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы Рамазан айында ауызашарға жайылған дастарқанның халал талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкестігін қадағалады. Тексеру барысында тағамдардың сапасы, тазалығы және жамағатқа ұсынылу тәртібі назарға алынды.
Мешітте ұйымдастырылатын ауызашар – үлкен сауапты іс. Сондықтан оның шариғат талаптарына сай әрі таза, ұқыпты түрде өткізілуі аса маңызды екені айтылды. Баршамызға Алла разы болатын шынайы ниет пен қабыл болатын амалдар нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


04 Март 2026
15 Рамадан 1447

