Қордай: «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қордай: «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2026 жыл діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жарияланды. Бұл – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Исламда адалдық тек материалдық мәселелермен шектелмейді.

Ол – сөзде, іс-әрекетте, ниетте көрініс табатын асыл қасиет. Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адалдық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық жәннатқа жетелейді», – деп, адал мінездің дүниелік те, ақыреттік те игілікке бастайтынын өсиет еткен. Демек, адалдықты ту еткен қоғам Жаратушы алдында абыройы биік болады. Қордай ауданының бас имам Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға имам және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысып, қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайту, жастар тәрбиесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және рухани жауапкершілік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, ортақ ұсыныстар білдірді. Мұндай рухани басқосулар қоғамдағы бірлік пен сенімді арттыруға негіз болары сөзсіз.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: