Қордай: Аудан бас имамы мешіт тазалығына мән беріп, тексеру жасады

Қордай: Аудан бас имамы мешіт тазалығына мән беріп, тексеру жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың жер бетіндегі ең жақсы көретін орны – мешіттері», – деген. Мешіт – мұсылман қауымы үшін ең қасиетті орын. Сондықтан әрбір жан Алла үйіне келгенде әдеп сақтап, тазалыққа айрықша мән беруі қажет.

Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы аудандық «Қордай» мешітінде, дәретхана мен жалпы тазалық жұмыстарының жай-күйін тексерді. Тексеру барысында реттілікке, санитарлық талаптардың сақталуына және жамағатқа қолайлы жағдай жасалуына ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық – иманның жартысы. Сондықтан мешіттің тазалығын сақтау – тек қызметкерлердің ғана емес, әрбір мұсылманның ортақ міндеті екені атап өтілді. Баршамыздың иманымыз кәміл,ниетіміз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: