Құмөзек ауыл имамы дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы жайында кеңінен айтып, ұлттық құндылықтар мен Ислам ілімінің үндестігі халықтың рухани тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Уағыз барысында ата-бабадан мирас болған салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні түсіндіріліп, оларды шариғат талаптарымен үйлестіре отырып ұстанудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жамағатты бірлікке, ізгілікке және имандылыққа үндейтін өнегелі ойлар айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


29 Апрель 2026
12 Зуль-каада 1447

