Қарабөгет ауылындағы Қарабөгет мешітінің имамы Арсен Құлаиев жамағатқа жат ағымдардың зияны жөнінде тағылымды уағыз айтты. Діни кездесуде жат ағымдардан сақтанудың маңызы түсіндіріліп, олардың түрлері мен қоғамға таралу жолдары кеңінен баяндалды.
Уағыз барысында дәстүрлі діни құндылықтарды берік ұстану, дұрыс діни білім алу және күмәнді ақпарат көздерінен сақ болу қажеттігі ерекше атап өтілді. Көпшілік дін маманына алғыстарын айтып, тарқасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Март 2026
15 Рамадан 1447

