Ислам және адал қоғам жылы аясында ауыл тұрғындары үшін тағылымды кездесу өтті. “Көкқайнар” мешітінің имамы Темірлан Оразбаев ауылдық мәдениет үйінде арнайы дәріс жүргізіп, жиналған қауымға рухани бағыт-бағдар берді.
Дәріс барысында имам ислам дінінің қоғамдағы маңызы, оның адам өміріндегі орны мен ұстанымдары туралы кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ, ислам мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығы, ата-бабадан келе жатқан салт-сананың діндегі мәні жан-жақты түсіндірілді.
Мазмұнды дәріс ауыл тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, дін маманына алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



08 Март 2026
19 Рамадан 1447

