Шу аудандық “Төле би” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара аясында ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында қап-қап көмір жеткізілді.
Қайырымдылық көмекті мешіт көмекшісі Ибрагим Жалалиев табыстап, мешіт имамының сәлемін жеткізді. Аталған игі іс мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы бауырмалдық пен жанашырлықты арттыруға бағытталды.
Мешіт тарапынан ұйымдастырылған мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны айтылды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


08 Март 2026
19 Рамадан 1447

