Шу ауданы Сауытбек ауылы “Асайын Кәлпе” мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында “Дін және заманауи қоғам” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар дәстүрлі ислам құндылықтары, қоғамдағы діннің орны, сондай-ақ жат ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Имам жастарды дұрыс діни білім алуға, бейбітшілік пен татулықты насихаттауға шақырды.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алды. Мұндай кездесулер қоғам қауіпсіздігін нығайтып, діни сауаттылық арттыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



08 Март 2026
19 Рамадан 1447

