Шу ауданына қарасты “Кәрібай молда” мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен “Қайырымдылық береке шақырады” атты тағылымды іс-шара өтті. Игі бастама аясында мешіт аумағында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жамағатқа түрлі тәттілер мен ыстық, үй жағдайында дайындалған тағамдар ұсынылды.
Жәрмеңкенің өтуіне мешіт шәкірттері мен жамағаты белсенді түрде атсалысып, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Көпшіліктің ниеттес қолдауы нәтижесінде жиналған қаражат қазіргі таңда Үндістан елінде ем қабылдап жатқан бауырымыз Салтанаттың шипасына жұмсалды.
Аталған іс-шара қайырымдылықтың қоғамдағы орны ерекше екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, ізгі амалдың берекесі мен сауабы мол екенін көрсетті.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



08 Март 2026
19 Рамадан 1447

