Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызының ұйытқы болуымен шәкірттер Құран хатым оқып дұға жасалды.
Кездесуге Жуалы ауданы, «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің аудан имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы қатысты.
Бас имам өз кезегінде сөз алып, «Отбасы құндылығы» жайында және «Әйел адамның отбасы алдындағы міндеттері» және «Ерлі - зайыптылардың бір бірінің алдындағы міндеттері» туралы жеткізді. Есет Тұрдыбайұлы дастархан басындағы бас қосуды және кездесуді қайырлы болуын тілеп батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

