Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешіті арқылы демеушілік негізде мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Игі шара барысында 7 мұқтаж жанұяға демеуші азаматтың атынан қаржылай қолдау табысталды.
Атап айтқанда, демеушілік танытқан жомарт жан әрбір мұқтаж отбасыға 10 000 теңгеден табыстап, әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетті. Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттырып, мұқтаж жандарға үміт сыйлайтыны атап өтілді.
Мешіт ұжымы демеушілік жасаған азаматқа алғыс білдіріп, атқарылған игі істің Алла разылығына жазылуын тілеп, ақ батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

