МЕШІТ ЖӘНЕ МЕДРЕСЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕШІТ ЖӘНЕ МЕДРЕСЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2026 жылдың басталуына орай “Һибатулла Тарази” мешіті мен “Һибатулла Тарази” медресе-колледжінің қызметкерлерінің қатысуымен алқалы жиын ұйымдастырылды. Басқосу ұжымның бірлігін бекемдеп, алдағы жылға жоспарланған діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды нақтылауға арналды.

Жиналыс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, діни қызметтің қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне кеңінен тоқталды. Бас имам имамдар мен ұстаздарды, мешіт пен медресе қызметкерлерін шынайы ниетпен Алла жолында қызмет етуге, елге рухани тәрбие беруде табандылық пен адалдық танытуға шақырды. Сондай-ақ, білім мен тәрбие қатар жүргенде ғана нәтижелі қызмет болатынын атап өтіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Шара соңында мешіт пен медресе-колледждің барлық қызметкерлеріне атқарған еңбектері үшін алғыс хаттар табысталып, діни саладағы қажырлы қызметтері мен жауапкершілігі жоғары еңбектеріне ризашылық білдірілді. Жиын өзара пікір алмасу, ынтымақ пен рухани серпіліс алаңына айналды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: