«Жүніс молда» мешітінің жамағаты қасиетті Құран хатымын аяқтап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін хатым дұғасын жасады.
Ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Кімде-кім Құранды күндіз хатым етіп оқыса, сол күні періштелер кешке дейін оған салауат айтып тұрады. Ал енді кім Құранды түнде хатым етіп оқып шықса, таң атқанша періштелер оған Алладан жарылқау тілеп шығады», – деген.
Хатым дұғасынан кейін жамағат дастархан басында бас қосып, өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітті. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының арасындағы татулықты нығайтып, мешіт пен жамағат байланысын күшейте түседі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

