«Ботбай баба» мешіт имамы Омаралиев Қуанышбаймен жамағаттың ұйымдастыруымен бір отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, қысқы маусымға қажетті көмір түсіріліп берілді.
Игі шара мұқтаж жанға қолдау көрсету, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттыру мақсатында жүзеге асты.
Көмек алған отбасы көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, мешіт ұжымына ақ батасын берді. Осындай қайырымдылық істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

