Меркі: Аудан әкімі бас имамды марапаттады

Меркі: Аудан әкімі бас имамды марапаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов дін саласында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар үшін аудан және ауыл имамдарын арнайы қабылдап, ауданның бас имамы Азамат Берікұлын алғыс хатпен марапаттады.

Кездесу барысында бас имамның ел бірлігін нығайту, жастар тәрбиесі мен рухани-ағартушылық бағытындағы еңбегі жоғары бағаланды.

Марапаттау кезінде аудан әкімі дін қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бас имам көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, халыққа қызмет етуді абыройлы міндет санайтынын жеткізді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: