Талас ауданында қазақы салт-дәстүрмен сабақтасқан игі шара өтті. Ауданның бас имамы, қайырымдылық жолында жүрген Абдужалил бауырымыздың демеушілігі және «Ризық – Мүбәрак» қайырымдылық қорының бастамасымен қарттар үйіне арнайы барып, ата-әжелерге көмек көрсетілді.
Бұл қайырымдылық – халқымыздың «Қариясы бар ел – қазыналы ел», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген ұстанымының бүгінгі көрінісі. Шара барысында қариялардың хал-жағдайы сұралып, баталары алынды. Бұл – қазақ қоғамында ежелден келе жатқан ізгі дәстүрдің жалғасы.
Материалдық көмекпен қатар, рухани қолдау көрсетіліп, қариялардың көңіліне жылу сыйланды. Осындай амалдар арқылы ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, қоғамдағы мейірім мен бауырмалдық беки түсті. Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша азаматтардың ниетін қабыл етіп, дәстүр мен дін үндескен қайырымды істерімізді арттыра берсін!
Талас аудандық Қажы би мешітінің баспасөз қызметі



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

