Бөлтірік шешен ауылы. Әбубакр мешітінің имамы Нұғманов Бақытжан ағамыздың бастауымен ауылымызда жасөспірімдер арасында қазақы салт-дәстүрімізбен астасқан ойындардан жарыс өтті.
Тоғызқұмалақ, асық ату сынды ойындардан сайыс өте қызықты та тартысты өтті. Жас буын өкілдері ұлттық ойындарға деген қызығушылық танытып, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
"Әбубакр" мешітінің баспасөз қызметі.



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

