Сәду Шәкіров ауылының имамы Оспанов Бақдәулет пен ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Арақсыз ауыл" тақырыбы бойынша жиын өтті.
Ауыл тұрғындары мен ақсақалдары қатысқан бас қосуда имам арақтың зияны мен зардабын айтып, ауылда жалғыз арақ сататын дүкенді жабу мәселесін талқылады. Көпшілік имамды қолдап, шараны қолға алуға ниет білдірді.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.


22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

