Тәуелсіздік күніне орай «Бірлікүстем» мешітінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт жамағатының демеушілігімен 9 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Азық-түлік пакеттеріне күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі өнімдер енгізіліп, мұқтаж жандарға үлкен демеу болды.
Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 160 000 теңгені құрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтып, Тәуелсіздік сияқты ұлық мерекенің мән-маңызын тереңдете түседі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

