Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Айдарлы ауылындағы «Кеңес» мешітінде жамағатпен кездесіп, уақыптың мәні мен маңызы жөнінде тағылымды насихат айтты.
Уағыз барысында ол уақыптың мұсылман өміріндегі орнына тоқталып, бұл аманаттың қоғамға тигізер рухани әрі әлеуметтік пайдасын кеңінен түсіндірді.
Кездесу жамағат үшін пайдалы ақпаратқа толы болып, уақып арқылы қоғам игілігіне қызмет етудің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Март 2026
24 Рамадан 1447

