«Жәми» мешітінің шәкірттері облыстық деңгейде өткен Құран жарысында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығасына байлады. Бұл — ауданымыздың діни білімге деген құлшынысы мен жас өрендердің талпынысының айқын көрінісі.
Биылғы сайысқа Шу ауданынан екі үміткер қатысып, өзара жарысқа түскен ондаған қатысушы арасынан үздік атанды.
Жапарқұл Жанерке — жарты параны жатқа оқу бойынша өнер көрсетіп, жоғары нәтижемен 2-орынға ие болды.
Сағынтай Жадыра — бір параны жатқа оқу санатында 12 қатысушының ішінен суырылып шығып, лайықты 4-орынды иеленді.
Ұстаздары мен ата-аналары шәкірттердің бұл жетістігін аудан мерейін көтерген үлкен жеңіс деп бағалап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

