«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» жамағатты жұмылдырып, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Жәрмеңкеге қолдан жасалған тағамдар, тәттілер мен әртүрлі сусындар ұсынылды.
Шара барысында түскен барлық қаражат ауырып жатқан әпкемізге ем-домына жұмсалу үшін арнайы табысталды. Бұл – жамағаттың бірлігін, бауырмалдықты және мұқтаж жанға қолдау көрсетуге деген дайындықты айқын көрсеткен игі бастама болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Март 2026
22 Рамадан 1447

