Байзақ ауданына қарасты имам-молдалар мен жамағаттың қатысуымен апталық футбол ойындары өткізіліп келеді. Спорттық кездесулер жамағат арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Әр апта сайын өткізілетін ойындарға мешіт жастары да белсенді қатысып жүр. Мешіт ұжымы аталған іс-шараны дәстүрлі түрде жалғастыруды көздеп отыр.



06 Март 2026
17 Рамадан 1447

