Байзақ ауданында дін қызметкерлеріне, яғни имам-молдаларға, ұстаздар және азаншыларға арналған 2025 жылғы аттестаттау тестіне дайындық жүргізілді.
Дайындыққа «Байзақ баба» мешітіне қарасты бес аймақ имамдары қатысты. Аттестацияға дайындық «фиқһ», «ақида», «заң», «ислам тарихы» пәндерінен жүргізілді. Дайындыққа келген дін қызметкерлеріне ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған құжаттарын таныстырып өтті.



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

