Тараз: Игілік - ізгілікпен жалғасар

Тараз: Игілік - ізгілікпен жалғасар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Айсұлу ана мешітінің бас имамы Сейдикаримов Сәкен игілікті іс жасап, медресе шәкірттеріне қайырымдылық ретінде бір қойдың етін тарту етті. Бұл сауапты іс - мешіт пен медресе арасындағы рухани байланыстарды нығайтып қана қоймай, қоғамда ізгілік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

   Қайырымдылық - исламның өзегінде жатқан ең көркем қасиеттердің бірі. Мешіт имамы бұл әрекеті арқылы жастардың білім жолындағы еңбегіне қолдау білдіріп, жамағатқа үлгі көрсетті.

    Мұсылман бауырыңа көмек көрсету - Алланың алдында ең сауапты амалдардың бірі. Шәкірттерге қол ұшын беру - болашаққа салынған ізгі іргетас. Әрбір мұсылман қоғамдағы әлсіз топтарға демеу болып, қайырымдылықты өмір салтына айналдыруы керек.

   Медресе ұстаздары мен шәкірттері имамның бұл игі ниетіне ризашылықтарын білдіріп, оның рухани тәрбиенің және бауырластықтың нақты үлгісін көрсеткенін атап өтті. Бұл сынды игі істердің шәкірттерге рухани жігер беріп, ынта мен ықыластарын арттыратынын да жеткізді.

   Шара барысында жиналғандар Алла тағаладан ел амандығын, жастардың білім жолында табысты болуын тілеп , жақсы ниеттерімен тарқасты. Осындай қайырымдылық шаралары - дін мен қоғамның арасындағы көпір іспетті, себебі ол адамдарды имандылыққа, сабыр мен мейірімге шақырады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: