Жуалы: Бас имам жұма намазын өткізді

Жуалы: Бас имам жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық  аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жұма намазға келген жамағатқа «Тәуелсіздік – ең қымбат қазына» атты  жұма уағыз-насихат айтты.

 Тәуелсіздік – халықтың рухы, елдіктің белгісі, ұрпақтың ең қымбат мұрасы. «Тәуелсіз» деген сөз – дүниежүзіндегі ең асқақ әрі өте ардақты ұғымдардың бірі. Ол – еркіндіктің, теңдіктің, бейбіт өмірдің баламасы, ата-бабамыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманат еткен баға жетпес құндылық.

Тәуелсіздік – мыңдаған жылдар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың ақиқатқа айналған арманы. Бұл – Қазақ елінің ғасырлар бойы жасаған жанқиярлық күресінің нәтижесі, аналарымыздың көз жасына лайық Алланың берген ұлы сыйы.-деп  түйіндеген Есет Тұрдалыұлы көпшілік жамағатпен елімізге амандық Жаратушы Жаббар Иеміз ұлтымыздың ұлы мұратын баянды еткей, еліміздің еңсесін биік, жеріміздің тыныштығын берік еткей-деп қол жайып дұға жасады.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: