Жуалы: «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік шара өтті

Жуалы: «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Мереке мемлекеттік Әнұранмен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізілді. Іс-шараның алғы сөзі аудан әкімі Жалғас Мұртазаға беріліп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлерін мерекелік марапаттармен салтанатты түрде марапаттады.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев та өз атынан құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады. Осы атаулы мерекелік шараға аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы мен ауыл имамдары да қатысты.   Шара соңы елдік пен бірлікті ұлықтаған мерекелік концертке ұласты.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: