Тараз: Көркемдік те құлшылық мәдениетінің бір бөлігі

Тараз: Көркемдік те құлшылық мәдениетінің бір бөлігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы «Ар - Рахман Ар – Рахим» мешіті жамағаттың қолдауымен мешіт ішінің сәнін жаңартты. Жақында мешіттің 11 терезесіне жаңа перделер тіктіріліп, ілінді. Бұл іс - мешіттің көркін арттырып қана қоймай, жамағатқа жайлы рухани орта қалыптастыруға бағытталған.

   Жобаны жүзеге асыру барысында перделік матаны сатып алуға 300 000    теңге, ал оларды тігіп, ілу жұмыстарына 253 000 теңге қаражат жұмсалды. Осылайша, жалпы 553 000 теңге көлемінде қаражат игерілді.

   Бұл игі іске мешіттің имамы Ембергенов Амангелді басшылық жасап, барлық жұмыс сапалы әрі ұқыпты орындалуына назар аударды. Имам өз сөзінде: «Мешіт - Алланың үйі. Оның таза, көркем әрі жинақы болуы - әрбір мұсылманның міндеті. Жамағаттың қолдауымен атқарылған әр іс - үлкен сауап әрі бірлік пен ықыластың белгісі», - деді.

   Жаңа перделер мешіттің ішкі келбетін көркейтіп, жамағатқа тыныштық пен жылы атмосфера сыйлады. Осындай істер мешітке деген құрметті арттырып, имандылық пен тәртіптің үлгісін көрсетеді.

    «Ар - Рахман Ар – Рахим» мешіті ұжымы алдағы уақытта да осындай ізгі істерді жалғастырып, жамағатпен бірлесе Алла разылығы үшін еңбек етуді мақсат етеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: