Әр жұма - мұсылман қауымы үшін ерекше күн. Бұл күні мешіттер жамағатқа толып, жүректер иманмен нұрланады. Осындай рухани мәні зор күн сайын Айсұлу ана мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа арнайы діни дәріс жүргізіледі.
Мешіттің имамы Сейдикаримов Сәкен әр апта сайын өткізілетін бұл дәрістерде мұсылманның күнделікті өміріне қатысты тақырыптарды қамтиды. Дәрістерде намаздың әдептері, отбасылық қатынастардағы жауапкершілік, сабыр мен шүкірдің маңызы, жастардың тәрбиесі секілді өзекті мәселелер кеңінен түсіндіріледі.
Имам өз сөзінде: «Ілім - адамды тура жолға бастайтын шамшырақ. Кімде - кім ілім үйренсе, оның жүрегі нұрланады. Ал нұрлы жүрек қоғамға да, отбасына да береке әкеледі», — деп атап өтті.
Жұма намазынан кейін өткізілетін бұл дәрістерге тек тұрақты жамағат қана емес , жастар мен әйелдер де қатысып, пайдалы мағлұматтар алады. Әр дәріс соңында сұрақ - жауап өткізіліп, жамағат өз көкейіндегі діни сауалдарына жауап табады.
Айсұлу ана мешітінің ұжымы бұл игі бастаманы тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр. Себебі, діни білім - иманды өмірдің негізі. Ал білім арқылы иман күшейіп, қоғамның рухани болмысы нығая түседі.



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

