Меркі: Мешіт имамы «Риядус-солихин» кітабынан дәріс өтуде

Меркі: Мешіт имамы «Риядус-солихин» кітабынан дәріс өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Достық» мешітің имамы Пирназаров Бауыржан жамағатқа арналған тұрақты діни дәрістер өткізіп келеді. Қазіргі уақытта ол Ислам ғылымындағы ең танымал еңбектердің бірі — имам ән-Нәуәуидің «Риядус-солихин» («Ізгілердің бақшасы») атты кітабынан сабақ жүргізуде. 

Дәріс барысында имам хадистердің мән-мағынасын түсіндіріп, оларды күнделікті өмірде қолданудың жолдарын насихаттауда. Әр сабақта жамағатқа имандылық, сабыр, ізгілік, көркем мінез секілді құндылықтар жөнінде тағылымды ойлар айтылады. 

Бұл игі бастама мешіт жамағатының діни білімін арттыруға, рухани тәрбиесін күшейтуге және сүннетті терең түсінуге бағытталған. Дәріске ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысуда. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: