Екпінді ауылы «Рақымбай ата» мешіт жамағаты қайырымдылық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыға үй соғып беруді қолға алды. Бұл игі іс – жамағаттың өзара ауызбіршілігі мен имандылыққа негізделген ізгі ниетінің көрінісі.
Қайырымдылық шарасы жергілікті тұрғындардың және демеушілердің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Көпшілік бірі кірпішін қалап, енді бірі құрылыс материалдарын әкеліп, тағы бірі қаржылай жәрдем беріп, ортақ сауапқа үлес қосуда.
«Мұқтажға көмек беру – мұсылмандықтың басты парыздарының бірі. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) “Кімде-кім бауырына көмектессе, Алла тағала да оған жәрдем береді” деген. Сондықтан әрбір мұсылман қоғамдағы әлсіз жандарға қамқор болуға ұмтылуы тиіс.
Бұл бастама өзге ауыл тұрғындарына да үлгі болып, ізгі істердің көбеюіне себеп болуда.
Қайырымдылық шарасы – қоғамдағы рухани бірлікті нығайтып, бауырмалдық пен мейірімнің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

